ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА

Қызылорда облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» қолдауымен «Сыр елі және ХХІ ғасыр» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Тарих толқынында» атты облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында эколог-өлкетанушы мұғалім мұражай материалдарын кеңінен пайдаланып, оқушылармен тікелей іскерлік қарым-қатынас жасай отырып, түсіндірді. Аймақ тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлерімізді таныстырып, тарих беттеріндегі тың мәліметтерімен бөлісті. Сонымен қатар аймағымыздағы қасиетті нысандарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Киелі Сырдың қасиетті мұралары» атты фото-көрмесіні тамашалады. Оған Ежелгі Шірк-Рабат қалашығы (б.з.д. Ү-ІІ), Ортағасырлық Жанкент қалашығы (ҮІІ-ХІ ғ) Ортағасырлық Сығанақ қалашығы (Х-ХІІ ғ.), Оқшы ата кесенесі (Х-ХІ ғ) секілді қасиетті өлкелердің суреттері қойылды.

Шараға  қатысқан №6 М.Сужиков атындағы мектеп директорының орынбасары Роза Сақтағанова мұндай экскурсиялардың оқушыларға берері мол дейді.

Экскурсияға оқушылардың қызығушылығы ерекше. Бүгін балалар тың деректермен танысып, тарихи мағлұматтарға қанықты. Мұндай шаралардың маңызы зор. Сол арқылы балалар қазақ елінің, аймағымыздың тарихымен танысып, білімдерін одан әрі жетілдіре түседі.

Шара нәтижесінде жас ұрпақ тарихымызға қанығып, археологиялық құнды жәдігерлерімізбен танысты. Ата-бабадан мұра болып, бүгінгі күнге жеткен археологиялық қазба жұмыстары барысында тарихшыларымыздың зор еңбегімен табылған дүниелерді көріп, білді. Аймағымыздың ауа райына бейім жануарлар мен топырағымызға төзімді өсімдіктермен танысты.

Экскурсияға қалалық №6 М.Сужиков атындағы мектептің 30 оқушысы қатысты.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 мамыр 2018 г. 595 0