Қызылорда қаласында Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының 73-ші отырысы өтті. Онда су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық іс-шараға Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Тәжікстан Республикасының энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Султон Рахимзода және Түрікменстан су және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Магтымгулы Байрамдурдыев қатысты.