Қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» жарысының финалдық кезеңі мәресіне жетті. «Алтын белбеу» жарысы бір айдан астам уақытқа созылды. Боз кілемдегі палуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсіп, «Алтын белбеу» жарысы өте тартысты өтті. Өйткені, әрбір палуанның белдесуге тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп тұрды.
Түйе палуан сайысына 14 спортшы қатысты. Олардың арасында Арал ауданының тумасы Нұрым Сәлімгереев «Сыр барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 170 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.
Ендігі жерде жеңімпаз спортшымыз шілде айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде облыс намысын қорғайтын болады.