ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында "Бес әлеуметтік бастамасының басты қадамдарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Ассамблея тәжірибе жүзінде бейбітшілік пен келісімнің қорғаушысына айналды. Сондықтан әрдайым сессияларға қатысамын әрі Ассамблеяға басшылық етіп келемін. Бүгінде әлеуметтік интеграция факторын қоса отырып, біз өзіміздің бірлігімізді нығайта түсудеміз. Жаһандық әлемде ел ішінде біртұтас бірлігін сақтап тұрғандар қуатты мемлекет екені жасырын емес. Олардың барлығы бірыңғай теңдікте сүйене отырып, жаңғыруда. Біз де осы жолға түстік. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының, сонымен бірге "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының мәні мен мағынасы осында жатыр. Әлеуметтік бірлік саясаты біртұтас шоғырландырылған бірыңғай ұлттың маңызды қадамы", - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы "Бес әлеуметтік бастамаға" іргелі себептер бойынша бастамашылық етілгенін атап өтті. "Біріншіден, жаңа ғасырдың екінші онжылдығының алғашқы сегіз жылына жасалған талдау әлемнің түрлі өңірлерінде кикілжіңдер болып жатқанын көрсетіп отыр. Бұл жағдай егемен мемлекеттердің ішкі істеріне бөлек елдердің араласуынан туындады. Сонымен қатар басқа да себеп бар, ол әлеуметтік бірілік пен ұлт ішіндегі бірліктің болмауынан орын алуда. Жаһандық әрі өңірлік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қалыптасқан мемлекет - ол әлеуметтік бірлік тұғырнамасы саналы түрде нығайтылған мемлекеттер. Біздің жаңа бастамалар бәрінен бұрын осыған бағытталған", -деді Мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев білімнің жаңа экономикасы, цифрландыру және өндірісті роботтандыру , технологиялық инновациялар - әлеуметтік әрі мәдени капиталдың мүлдем басқа сапасын талап ететінін атап өтті. Сондықтан да еліміздің жаңа әлеуметтік бастамалары жаңа экономиканың дамуына тың серпін береді. "Полиэтникалық мемлекет жағдайында әлеуметтік және ұлттық саясаттар тығыз байланыста. Бес әлеуметтік бастама еліміздің барлық азаматтарына қатысты, осы орайда барша халқымызды дамытуға ықпал етеді", - деді Елбасы.