Чернобыль апатын залалсыздандыруға 10 жалағаштық қатысқан

Биыл Чернобыль атом электр станциясында болған қайғылы жағдайға 32 жыл. Сұм апат зардабында қаза болғандарды еске алу күніне орай аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев апатты залалсыздандыруға қатысқан жерлес азаматтарды қабылдап, құрмет көрсетті.

- Осыдан 32 жыл бұрын Чернобыль қаласындағы апат мыңдаған адамның өмірін қиды. Апат зардабын жоюға 32 мың қазақстандық қатысқан болатын. Адамзат тарихындағы осы оқиға әрбір қазақстандықтың жадында мәңгі сақталмақ. Ауданымызда Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан 10 жауынгер болса, қазіргі кезде 5-еуі ауданда, 4-еуі өзге өңірлерге қоныс аударса, 1-еуі қайтыс болған. Бүгінгі жүздесуді пайдалана отырып, ауданымыздың қоғамдық саяси жұмысында белсенділік танытып жүргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Егемен еліміздің игілігін бірге көрейік, — деді аудан басшысы.

Жүздесу барысында ғасыр апаты жайлы айтылып, еркін әңгіме өрбіді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2018 г. 531 0