Қызылорда педагогикалық колледжі - І орын иегері

С.Майқанова атындағы Мәдениет үйінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы  мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен үштілділік саясатын іске асыруда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында насихаттау, үш тілді жоғары деңгейде меңгерген жастарды анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында «Тіл білгірлері - 2018» облыстық сайысы өткізілді.

Сайысқа М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі, «Болашақ» университетінің колледжі, «Қазанғап» атындағы Қызылорда  музыкалық колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Қызылорда  гуманитарлық экономикалық колледжі, «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі, «Жас өркен» колледждерінің  студенттерінен құралған командалар қатысты. 

Сайысқа қатысушылар төрт кезең бойынша сынға түсті:

 Бірінші кезең - «Таныстыру». Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) топ мүшелерін, топтың логотипін, ұрандарын таныстырды; екінші - «Талаптыға нұр жауар» кезеңін топ мүшелері билет арқылы берілген тақырып бойынша үш тілде диалог жүргізді; үшінші - «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл кезеңде берілген мақал-мәтелдерде түсіп қалған сөздерді тауып, үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) аудармасын айтты; төртінші -Үй тапсырмасы. «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңінде әр топ үштілділік жайлы дайындап келген көріністерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінің «Көптілді ұрпақтар» тобы жеңіп алса, ІІ орынды Болашақ университеті колледжінің «Болашақ жалыны» және Абылайхан атындағы жоғары колледжінің «Көшбасшылар» топтары, ІІІ орынды Қызылорда гуманитарлық-экономикалық  колледжінің «Бейбітшілік» және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің «Қыран» топтары иеленді.

Сайыс жеңімпаздарына басқарманың дипломдары мен ескерткіш сыйлықтары тапсырылды.

 

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2018 г. 992 0