Боксшы Марина Вольнова туған жерінде шеберлік сағатын өткізді

Бүгін Қазалы ауданында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының қатысушысы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері Марина Вольновамен шеберлік сағаты өтті. Басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жастарға үлгі ету.

Шараға қатысқан облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжасаймағымызда ұйымдастырылып жатқан рухани жаңғыру, қоғамдық сананы жаңғырту шараларының маңыздылығына тоқталды. Марина білім алған М.Горький атындағы№16  мектеп-лицей мұғалімі Любовь Медведева ұстаздарының ыстық ықыласын жеткізді.

Мұнан соң Марина жас спортшыларғаөз тәжірибесімен бөлісіп, өмірі мен спорт жолына қатысты сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында жас спортшылар жоғары жетістікке жетудің ұтымды жолдарына бағыт-бағдар алды

Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов спортшыға құрмет көрсетіп, аудан әкімінің құттықтауы мен сый-сияпатын жеткізді.

Айта кетейік, Марина Вольнова – 2012 жылы Олимпиада тарихында алғаш рет ұйымдастырылған әйелдер боксында қола жүлдеге ие болған тұңғыш қазақстандық спортшы. Осы үшін де барша қазақстандық оны мақтан тұтады. 6 жасынан бастап спортпен айналысқан Марина осылайша ел сенімін ақтаған болатын. Орыс қызы - бүгінде қазақ отбасының келіні.


 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 сәуір 2018 г. 666 0