Бүгін аудан әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова Чернобыль апатын жоюға қатысқан сырдариялық ардагерлерді қабылдап, құрмет көрсетті. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен шараға ардагерлермен қатар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, аудан әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесу жиынын ашып, жүргізіп отырған аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова осыдан 32 жыл бұрын орын алған апаттың себебі мен салдары туралы кеңінен айтып өтті. Апатты жоюға қатысқан ардагерлердің ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екенін жеткізді. Сонымен қатар, аудан орталығындағы және барлық ауылдық округтердегі мектептерде, кітапханаларда және мәдениет нысандарында Чернобыль апаты туралы тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, ашық сабақтар өткізіліп жатқанын айтты.
Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шарада ардагерлерге аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтың «Алғыс хаты» және сыйлықтар берілді.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
Сырдария ауданы әкімінің
баспасөз хатшысы