« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай аламасаң қасіретің» деген ұлтымызда ұлы сөз бар. Бірақ бүгінде қоғамымызда түрлі деструктивтік діни ағымдардың жайлап кетуі салдарынан, қасиеттен қасіреттің басымдық алғаны жасырын емес. Әрине, бұған азаматтардың діни сауаттылығының төмен болуы басты себеп. Сондықтан халықты діни сауаттандырып, жат ағымдардың теріс идеологияларына деген иммунитетін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазалы ауданында «Терроризм - дінге жат ұғым» тақырыбында ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті.
Жиынға ҚМДБ өкілдері, кент және ауылдық округтер әкімдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ТҚК және АТТ мүшелері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Зайырлылық және дінтану» пәнінің мұғалімдері, Аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тұрғындар мен белсенді жастар қатысты. Шарада Л.Н.Гумилев атындағы «Еуразия» ұлтық университетінің доценті Алмат Нурадинов «Деструктивтік діни ағымдардың психологиялық әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы, «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінің PhD докторы Нұрлан Анарбаев «Псевдосалафизмнің жастарға ықпалы және қатері» тақырыбындағы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі Баймырза Қожамберлиев «Зайырлы қоғамдағы діни экстремизмнің алдын алу мәселелері» тақырыбындағы баяндамаларын оқыды.
Сондай-ақ жиында Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары Аралбек Боранбаев және «Жанқожа батыр» орталық мешітінің бас имамы Берік Сүлейменов аудандағы діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауда және экстремизмнің алдын алуда қоғамдық бірлестіктер мен белсенді жастардың жұмыла жұмыс істеуінің маңыздылығын да айтып өтті.
Ерқанат СӘРСЕНБАЙ,
«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |