Қазалы ауданының төлтаңбасын әзірлеуге ашық байқау жарияланды

  Бұл туралы Қазалы ауданының ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ хабарлады. 
Қазалы ауданының төлтаңбасын (эмблема) әзірлеуге арналған ашық байқау ережесі
1.Жалпы ереже;
Қазалы ауданының төлтаңбасы (эмблемасы) ауданның айрықша ресми символы болып табылады. Төлтаңба аудан тұрғындары мен аудан қонақтарына ерекше мерекелік көңіл күйді және Қазалы ауданының өткені мен бүгінін, келешегін айқын бейнелейтін көріністері болуы қажет.Жалпы ауданның төлтаңбасы (эмблемасы) - бейбіт еңбек және ғылыми-зерттеуді, тарихи сабақтастық және еңбек дәстүрлерін, болашаққа деген сенім, даму және тұрақтылықты, өндірістік дамуды сипаттайды.
2.Байқаудың ұйымдастырушылары:
- Қазалы ауданының әкімдігі;
3.Байқаудың мақсаттары мен міндеттері.
Мақсаты: Қазалы ауданының ресми символы болып табылатын төлтаңбасын (эмблемасын) әзірлеу;
4.Байқаудың өтетін мерзімі.
Байқау 17.04.2018 – 17.05.2018 аралығында өткізіледі. Байқауға қатысуға өтінім берудің соңғы күні 2018 жылдың 17 мамыры.
5.Байқауға қатысушылар.
Байқауға заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар және түрлі салалардағы қызметкерлер қатыса алады.Байқауға қатысушы (жеке немесе заңды тұлға) өз бастамасымен қатыса алады.
6.Материалдарды ұсынудың тәртібі
Байқауға қатысуға өтінімді қабылдау Қазалы ауданы әкімдігінің «Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің» «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не (Пірімов көшесі №5 кент әкімдігі ғимараты, Әйтеке би кентік клубы, аудандық «Жастар үйі» бұрынғы Cерік ТВ телеарнасының ғимаратыБайланыс телефондары: 872438 22-2-54, 79-2-14, 22-0-13Е-mail:ortalyk.kazaly@mail.ru
7.Байқау жұмыстары мен бағалау критерийлеріне қойылатын талаптар;
Төлтаңба Қазалы ауданының жарқын, ұмытылмас, есте қаларлықтай символы болуы тиіс. Төлтаңбаны әзірлеу барысында, автор ойын түсінікті, мәнерлі жеткізуі және төлтаңбаның бірегей туынды болуына мән беруі керек.Графикалық белгісі түрлі-түсті, тартымды және қарапайым бейнелермен салынған болуы тиіс.
8. Техникалық талаптар
Логотип нұсқалары электронды түрде векторлі форматта CDR, AI, EPS кеңейтілімімен бағдарлама нұсқасын көрсете отырып қабылданады. Логотип 1,5 см-ге дейінгі габариттік масштабтауға сәйкес келетін болуы қажет. Сызықтар қалыңдығы 0,2 мм-ден кем болмауы тиіс. Түстік палитра CMYK.Логотиптің құрамында растрлі суреттер болатын жағдайда олардың 300 DPI кем болмауы тиіс.Логотип монохромды және ақ-қара нұсқалары қоса ұсынылуы міндетті.Өтінім беруші өтінім беру арқылы автоматты түрде басқа тараптардың зияткерлік меншік құқығын бұзбағандығын және бұзған жағдайда барлық жауапкершілік өтінім берушіге жүктелетініне келіседі.
9.Төлтаңба бағалау критерийлері;
1.Тиісті мәні. Төлтаңбада (Эмблема) берілген тақырып пен міндеттерге сәйкес келетін заманауи үлгідегі бейне қалыптастырылуы керек;2.Ауқымдылығы. Төлтаңба (эмблема) бірдей жақсы қабылдануы және кез-келген жағдайда қолданғанда өзінің мәнін жоғалтпауы керек;3.Бейімделушілік. Төлтаңба (эмблема) кез-келген тасымалдағышта жоғалмай көрсетілуі керек. Оны ақ-қара, түрлі-түсті қағаздарда басып шығаруға, кез-келген тасымалдағыштарда (қағаз, металл, пластмасса, тас, мата) басып орналастыра алатындай болуы керек.
10.Байқауды өткізу тәртібі;
Байқау жеңімпаздарын анықтау екі кезеңнен тұрады;1. Конкурсқа ұсынылған барлық жұмыстар конкурс комиссия қарауына беріледі (1 кезең, сәуір-мамыр);2. Комиссия қарауынан өткен барлық жұмыстар әлеуметтік желілер (Facebook, ВКонтакте, Instagram) арқылы өткізілетін конкурсқа жіберіледі (2 кезең, мамыр-маусым);3.
11.Автордың құқығы;
Байқауға қатысатын жұмыс үшін авторлық құқықтың сақталуы туралы жауапкершілік аталмыш жұмысты жіберген авторға жүктеледі. Автор өз жұмысын байқауға жібере отырып, автоматты түрде оның коммерциялық емес мақсатта (ғаламторда, баспа материалдарында, көрмелерде орналастыруға) қолданылуына келісімін береді.Қазалы ауданының төлтаңбасын дайындауға арналған ашық конкурсқа қатысу өтінішінің үлгісін аудандық ішкі саясат бөлімінен алуға болады.
12.Байқау жеңімпаздарын марапаттау;
Қазалы ауданының төлтаңбасын әзірлеу байқауының бас жүлдесі бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 сәуір 2018 г. 742 0