« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ұлы жолдың бойындағы ерсілі-қарсылы көлік ағыны «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің жарты әлемді жалғаудағы маңыздылығы мен бірегейлігін дәлелдеп тұрғандай. Тақтайдай тегіс, айнадай жарқыраған жолда көз тоқтатып қарайтын ғимараттар да көбейген. Сәулеті мен келбеті жағынан бірінен-бірі асатын қызмет көрсету нысандарындағы жұмыс ырғағының қалыпты екені қасындағы көліктердің қарасынан аңғарылады.
Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылы тұсындағы «Ақсарай» кешені де анадайдан көз тартар көркем орынға айналыпты. Өткен жылы сәуір айында басталған құрылыс қазан айында аяқталып, кешен құрамындағы кафе, дүкен, қонақ үй, сауна, автокөлік жөндеу орталығы және автотұрақ жолаушыларды қабылдады.
Қазір мұнда күніне шамамен 10-15 үлкен сыйымдылықтағы, 15-20 жеңіл көлік тоқтайды. «Рагибов А» ЖК-ның иелігіндегі кешенде 2 ауысыммен 20 адам жұмыс істейді.
Біз әңгімеге тартқан Бадирша Рагибов жолаушылардан өзге жақын маңдағы ауыл тұрғындары моншаға, кафеге келіп тұратынын айтты. 17 орындық қонақ үй алыс жолға шыққан адамдардың тынығып алуына ыңғайлы етіп жабдықталған. Мұнда тоқтағандар көліктерінің қауіпсіздігіне алаңдамайды, дәмді тағамға, дайын моншаға, өз ісін білетін көлік жөндеушілердің қызметіне алғыс айтып кетеді.
Еліміздің 5 облысын көктей өтетін транзиттік дәліздің 812 шақырымы біздің аймаққа тиесілі. Бүгінде көліктердің жүру жылдамдығы артқан, автомобиль жолы 8 елді мекенді айналып өтеді. Мегажоба іске асқан тарихи кезеңде жолмен бірге екі деңгейлі жол айрықтары, көпірлер, теміржол өткелдері де салынды.
Магистраль бойымен қатынайтын көлік саны артқан соң жол бойы сервисі нысандарын салу қажеттілігі туындады. Сыр өңірінде осы мақсатқа 41 орын белгіленді. А,В,С,Д санаттағы сервистік қызмет көрсету нысандары Ұлттық стандартқа сәйкестендірілді.
Бүгінде 22 жол сервисі нысаны жұмыс істеп тұр. Тағы 5 кешеннің құрылысы жүргізілуде. Алдағы жылдары 14 сервистік кешен салынады.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА,
«Сыр бойы».
Қармақшы ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |