ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫЛАРЫ АҒЫЛШЫНША "СӨЙЛЕДІ"

Лондон қаласында өтіп жатқан әлемдік кітап жәрмеңкесінде ағыл­шын тілді оқырмандарға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезовтің "Қаралы сұлу", Оралхан Бөкейдің "Кісікиік" және Герольд Бельгердің таңдамалығы таныстырылды.
Бұл шығармалар жуырда ғана қазақ Пен клубының ұйымдастыруымен жарық көрген еді. Кітап жәрмеңкесі аясында өткен семинарда ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов сөз сөйледі. Ол аталған жобаның маңыздылығын айтты. Және де Рухани жаңғыру мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарына тоқ­талып, "Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық" жобасы аясында әлемдік ғылым мен білімнің шамшырақ шығармалары да қазақ тіліне аударылып жатқанын жеткізді.
Семинарда жоғарыда аталған үш туын­дыны тәржімалаған британдық бел­гілі аудармашылар Саймон Гейган мен Саймон Холлингсуорт бұл жазушылар туын­дыларының тілін түсіну мен оны ағылшын оқырманға жеткізудегі кездескен мәселелерді атап өтті.

Нұрбек ШЫНТЕМІРҰЛЫ,
арнайы “Сыр бойы” үшін
Лондон қаласынан.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 572 0