КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫН ЖАНДАНДЫРУ БАҒЫТЫ ТАЛДАНДЫ

Биыл облыс әкімінің бастамасымен аймақтағы кәсіпкерлікті жаппай қолдау жылы болып жарияланғаны белгілі.

Осыған орай бүгін ауданға жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Бахытжан Намаев, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р.Сұлтангереев, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары А.Досжанов және «Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы» МҚҰ» ЖШС-нің директоры С.Ерниязов арнайы жұмыс сапармен келді.

Облыстан келген делегаттар жұмыс сарпары барысында аудан әкімдігінің мәжіліс залында тиісті мемлекеттік орган басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлік палатасының өкілі және кәсіпкерлер қауымының қатысуымен еркін форматта жиын өткізді.

Жиында ең алдымен аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов сөз алып, жиынға қатысушыларға облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшылық қызметіне жаңадан келген  Б.Намаевты таныстырып өтті.  Одан әрі арнайы ауданымызға ат басын бұрған басқарма басшысы өңірге келудегі мақсаттарын білдіріп, биылғы жылы аймақта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы бағдарламалар жөнінде сөз қозғады. Соның ішінде, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқарамасы басшысының орынбасары А.Досжанов кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы қайтарымсыз гарант алу мәселесіне кеңінен тоқталып, мемлекеттік грант алушылар назарына аса мән беру қажет тұстарын егжей-тегжей баяндап өтті. Мұнан соң, «Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы» МҚҰ» ЖШС-нің директоры С.Ерниязов арнайы жобалар мен бағдарламалар негізінде берілетін несиелер жөнінде баяндап, аудан кәсіпкерлеріне несие алу бағытында сұралатын құжаттарды әзірлеудің реттілігін түсіндіріп өтті.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар  өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, тиісті жауаптар алды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2018 г. 639 0