Бүгін Өңірлік Коммуникациялар Қызметінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданында баспасөз туры өтті.
Бүгінде өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен ауданда 3 жоба жүзеге асырылуда. Журналистер алдымен "Гежуба цемент компаниясы" нысанымен танысты. Құрылыс жұмыстарының кезеңді мерзімі түсіндірілді. Бүгінде 560 адам құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Зауыттың толық аяқталу мерзімі 2019 жыл деп жоспарлануда. Зауыт іске қосылған кезде 260 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.