ИМАМ БІЛІМДІ БОЛСА...

Қызылордада имамдардың білімін жетілдіруге арналған үшкүндік семинар қорытындыланды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асыл дінімізді насихаттауда имамдардың ролін арттырып, білімімін күшейтуге мән беріп келеді. Басқарманың облыстағы өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті семинарды осы мақсатта ұйымдастырды. ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі, мешіттің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы дін қызметкерлерінің білім-біліктілігін арттыру шаралары тұрақты түрде жүргізілетінін жеткізді.
– Бір кездері елімізде «Фатиха» сүресін оқи білетін адамды имам етіп тағайындайтын да уақыт болған. Бірақ бүгінде қоғам өзгерді. Халық ненің не екенін ажырата біледі. Сондықтан имамдарға қойылатын талаптар көбейді, – деді Б.Ұласқанұлы.
Басқосуда облыстық ішкі саясат басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының, облыстық ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының өкілдері, Қызылорда қаласы мен аудандардағы имамдар әртүрлі тақырыптарда баяндама жасап, ой-пікірлерін ортаға салды. Дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, руханиятқа сусындап өскенде ғана халық жат ағымдардың жетегінде кетпейтінін айтты. Ол үшін дін қызметкерлерінің деңгейі жоғары болуы тиіс.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 сәуір 2018 г. 520 0