« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Дүйсенбі күні Достық үйінде облыстық ассамблея жанындағы Жастар қанатының ұйымдастыруымен еркін форматта жастардың кездесуі өтті. Оған Жастар қанатының мүшелері, қаладағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.
Кездесудің мақсаты түрлі этнос жастарын біріктіре отырып белсенді орта құру, Республикалық Жаңғыру жолы қозғалысының аймақтағы штабының құрамын толықтыру, жастарды белсенділікке шақыру. Рухани жаңғыру, жастардың санасындағы керітартушылық стереотипті жою.
Басқосу барысында Жастар қанатының мүшесі, Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен Халықаралық жас ғалымдар байқауынының жеңімпазы Е.Демиденко қатысушыларды мақсатқа жету және оның жолдары тақырыбы аясында баяндама жасады. Ал, Славяне этномәдени бірлестігінің мүшесі В.Фролова облыстық Ассамблея жанындағы Жастар қанаты құрылымының қызметі жайлы, Э.Першин мәдениет және өнер тақырыбында келелі ой қозғады. Шарада соңында баяндамашыларға сұрақтар жолданып, жастар бір-бірімен пікір алмасты.
М.ОТАРАЛЫ
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |