« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мұндайды біз Қазалы қаласында тұратын кәсіпкер Нұрбек Кешубаевтың үйінің алдынан көрдік. Бір қызығы, жылыжай шаруашылығымен айналысқанға дейін Нұрбек аға Байқоңырдың қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген.
Гүл өсіру, көкөніс егу, тал отырғызу сияқты қауырт тірлік ол үшін таңсық болған емес. Бірақ бұлардың бәрін жабық, жылы әрі жарық жерде өсірудің машақаты толып жатыр. Сөйтсе де, Нұрбек аға 2012 жылы тәуекелге барып, істі бастап кетті.
– Әкем бейнеткеш кісі болды. Күні бойы ауладағы алқапты баптап, арамшөптерді жұлып, бел жазбай еңбек ететін. Бақшада жүзімдер үзіліп, жапырақтары төгіліп тұратын. Біз де сол кісіге еліктеп өстік, жолын жалғастырдық, – дейді Н.Кешубаев.
Кәсіпкер жылыжай шаруашылығын алғашқы екі жылда жеке қаражаты есебінен өз күшімен жүргізгенін айтты. Істі қияр егуден бастаған. Байқайды, шығым жаман болмаған сияқты. Оны сатқаннан түскен ақшаны кейін гүл өсіру үшін айналымға қосады. Бүгінде жылыжай өнімінің негізгі бөлігін алуан түрлі гүлдер құрап отыр. Сирек кездесетіндерінің қатарында сальвия, виргиния, шырайгүл, целозиялар бар. Олардың тұқымын арнайы Голландиядан алдырады.
– Гүлдің саудасы, әсіресе, 8 наурыз – әйелдер күнінде қызады. Оның ішінде бөлме гүлдеріне сұраныс көбейеді. Келесі мерекеге деп біз, мысалы, осы бастан егіп қойдық. Өйткені кейбір тұқым түрлерінің бүршік жаруы үшін кемі тоғыз, әрі кеткенде он екі ай уақыт қажет, – дейді кәсіпкер.
Жылыжай қарапайым пешпен жылытылады. Өйткені күннің суығында өнімді тоңдырып алмау өте маңызды. Күннің көзіне де зәрулік жоғары. Ол болмаған жағдайда арнайы жарық шамын қосуға тура келеді. Маңдай термен еккен дүниеңді жылы сумен уақытылы суарып, керек жерінде, керек кезінде тыңайытқыш сеуіп тұрса, еңбегіңе қарай өнбегі болмақ.
Бүгінде жылыжайда егілетін қияр, қызанақ, баклажан сияқты көкөніс түрлері аудан қажеттілігінің 70 процентін өтеп отыр. Ал мұндағы гүлдерді мекемелер, кәсіпорындар, былайғы жұрт сатып алып жатады. Бағасы 500 теңгеден басталып, 10-15 мың теңгеге дейін барады. Дегенмен, қарапайым халықтың қалтасына қонымды бағадағы гүлдер басым. Кәсіпкер жылыжайға балаға қарағандай күтім керек екенін, ерекше ынтамен еңбек еткенде ғана нәтиже шығатынын жеткізді. Нұрбек аға мен қарамағындағы үш адам жыл бойы үзіліссіз жұмыс істеуге үйренген. Себебі үй алдындағы жылыжай шаруашылығы жыл он екі ай тоқтамайды.
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».
Қазалы ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |