« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекеттік сатып алу процесіне қатысқан кез келген кәсіпкер жұмысын жасап, көрсетілген қызметіне қарай ақысын алуды ғана ойлайды. Алайда «Арал-су құрылысы» ЖШС-і үшін бұл іс үлкен проблемаға айналды.
Бәрін басынан бастасақ. Қызылорда облысының статистика департаменті өткен жылы Арал ауданындағы статистика басқармасының ғимаратын қайта жаңғырту үшін мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялаған болатын. Конкурсты «Арал-су құрылысы» ЖШС-і жеңіп алып, 23 мамырда қызметті орындауға бағытталған 16 млн 913 мың теңгеге келісім шартқа қол қояды.
Статистика департаментінің тапсырысы бойынша кәсіпкер тапсырысты 31 шілдеге дейін аяқтауы тиіс болған және аяқтаған да. Алайда, тапсырыс беруші көрсетілген қызметті қабылдау барысында кәсіпкерге жоба-сметалық құжаттамада көрсетілмеген тапсырмаларды да жүктеген. Нақтырақ айтқанда, әжетхана салу, ғимаратты қоршау, асфальт төсеу секілді тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпаратта, келісім шартта, локальдық смета мен техникалық сипаттамада көрсетілмеген жұмыстар. Өз кезегінде кәсіпкер бұл жұмыстарды орындаудан бас тартады.
Дау осы жерде басталып, облыстық статистика департаменті «Арал-су құрылысы» ЖШС-ін сотқа беріп, соттан мемлекеттік сатып алу аясында жасалған келісім шартты бір жақты бұзуды, кәсіпкерді жосықсыз деп тануды және 394 512 теңге тұрақсыздық айыппұлын салуды сұрайды.
Кәсіпкер соттың алғашқы инстанциясында ұтылып қалады. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстық статистика департаментінің талабын ішінара қанағаттандырып, келісім шартты бұзып, кәсіпкерге тұрақсыздық айыппұлын салады.
Соттан ұтылған кәсіпкер Палатадан көмек сұрап келген еді. Кәсіпкерлер палатасы істің мән-жайын зерделеп, облыстық мамандандырылған экономикалық сотына апелляция береді.
«Біз Қызылода облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында кәсіпкердің құқығы мен заңды мүддесін білдірдік. Нәтижесінде, бірінші саты сотының шешімі өзгертіліп, шешімнің келісім шартты бұзу жайлы бөлігі бойынша жаңа шешім қабылданды.Облыстық статистика департаментінің екі жақты жасалған келісім шартты бұзу жайлы талабы қанағаттандырусыз қалдырылып, кәсіпкер өзіне тиесілі 5 млн. теңгеден астам қаражатын алды», - дейді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Аида Қаюпова.
Нәтижесінде кәсіпкер сотта жеңіп, бүгінде жұмысын жалғастыруда.
Ал Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан облыстық статистика департаментін – кәсіпкердің қызметіне кедергі келтіріп, заңсыз әрекеттерге жол бергені үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментіне мәселесін қарап, тиісті шара қолдануға ұсыныс берді.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |