Қызылордада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариевтің Қызылорда облысы білім саласы қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қызылорда облысы бойынша облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің жаңа басшысы Ерлан Жағыпарұлы Қарабалаев таныстырылды.
Е.Қарабалаев 1983 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «саясаттанушы», Д. Қонаев атындағы университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» халықаралық стипендиясымен Халықаралық даму «Конфликтология, қауіпсіздік, және даму» магистрі ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2004 ж. Орталық-Азиялық ақпараттық жүйесінің баспасөз хатшысы қызметінде бастады. 2005-2008 жж. «Елім-ай» жастар қоғамдық бірлестігі студенттік кеңесінің төрағасы, «Өмір жігері» ЖШС РR (пиар) және жарнама жөніндегі басқарма бастығы, «Тиімді саясат орталығы» қоғамдық бірлестігінің саяси талдау жөніндегі кеңесшісі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ РR (пиар) бойынша басқармасының жетекші маманы. 2008 ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы және бөлім бастығы. 2009 ж. бастап орталық және жергілікті атқарушы органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2016 ж. қазан айынан бастап Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.