« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы, сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдығына орай Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Қызылорда қаласы әкімдігі мен облыстық жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта «Адал жол - честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон облысымызда барлық аудандарды қамти отырып, алғаш рет өткізіліп отыр. Марафонға мемлекеттік орган қызметшілерімен қатар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық ұйым өкілдері белсенді қатысты.
«Адал жол – честный путь» марафоны Қызылорда қаласынан бастау алып, эстафета ретінде аудандарға беріліп отырады. Марафон аясында облыста лекциялар, пікірталас алаңдары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, конференциялар, автошерулер және өзге де шаралар өткізіледі. Әр аудан жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіп, халықты жемқорлыққа қарсы тұруда күш біріктіруге шақыратын болады.
Этафета алауы ретінде эстафета туы мен өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат пен тілектер жазылған кітап берілді.
«Адал жол – честный путь» марафонын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы мен «Нұр отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Құттықожаев Ибадулла Дүйсенұлы ашты.
Марафон аясында Сыр елі жастарының жемқорлыққа қарсы флэшмобы өткізілді. Флэшмобқа 200-ден аса жас студенттер қатысты.
Биыл атаулы жыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдығы. Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1998 жылы алғашқы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы қабылданып, жемқорлыққа қарсы тұрудың құқықтық негіздері қаланды.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдығына орайластырып ерекше белгі ретінде 20 автокөліктен тұратын жемқорлыққа қарсы автошеру ұйымдастырылып отыр. Автошеру бүгінгі марафон туын желбіретіп, Арал ауданына жеткізетін болады.
«Адал жол – честный путь» марафон эстафетасын Арал ауданына беру үшін марафон туы мен кітапты Мұхимов Абазал Сансызбайұлы табыстады. Арал ауданының әкімінің орынбасары Әбішев Еркін Жұмаханұлы қабылдап алды.
Марафон аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студенттердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдығы» тақырыбында брейн ринг, пікірталас алаңы және өзге де шаралар ұйымдастырылды.
Мадияр МАХАМБЕТҰЛЫ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың
4-ші курс студенті.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |