« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасының «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауының маңызы ерекше.
Бұл Жолдау елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерістерінің логикалық жалғасы және «Қазақстан-2050» даму стратегиясымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен ұштасады.
Елбасы Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он сала нақтыланды. Қазақ елі индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін цифрлы технологияны жетік меңгеру басты міндет болып белгіленді.
Бүгінгі таңда дүниежүзінің дамыған елдеріндегідей елімізде «Қызмет көрсетудің біртіндеп электронды саласына көшу бағытында мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан. Электронды қызмет көрсету – қазіргі уақыттағы заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал» жүйелері арқылы электронды түрде жүргізілуде.
Қазіргі танда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі белсенді жағдайға көшуді көздейтін, электрондық және мобильдік үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру қадамдарын қамтып отыр.
Басты мақсат – азаматтарға интернет жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, сонымен қатар, мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландыру арқылы жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Бүгінде Әділет департаментінде тіркеу рәсімдерін жеңілдету, әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен қатар, қағазбастылықты жою мақсатында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды түрде көрсетіледі.
Азаматтар үшін тиімді және қолжетімді қызмет көрсету жүйесін құру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында бизнес-процестерді жетілдіру мақсатында заңды тұлғаларды тіркеу бағытында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ішінара автоматтандыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
2015 жылдан бастап нотариусте куәландырған жылжымайтын мүлікке құқықтар баламасыз түрде 1 күн ішінде электронды форматта тіркелуде.
Алайда, ағымдағы жылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу функциясын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру жұмыстары жоспарланып отыр.
Осыған орай, аудандық, қалалық әділет басқармалардағы мұрағатта сақталған тіркеу істеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 219 039 жылжымайтын мүліктің тіркеу істері сақталғандығы анықталды.
Қазіргі таңда министрлік тарапынан заңнамалық тұрғыдан заңдастыру шаралары жүргізілуде.
Елбасының биылғы Жолдауындағы «Тиімді мемлекеттік басқару» міндетінде «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету айтылса, «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» міндетінде «Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады» деп атап көрсетілген болатын.
Бүгінгі танда кәсіпкерлер «Электрондық үкіметтің» веб-порталында өз бизнесін құрылтай құжаттарына толықтыруларды және таратуды онлайн режимінде тіркеуге алады.
Өз кезегінде онлайн тіркеу тәуліктің кез келген уақытында жүргізілуі азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіз жағдайлардың алдын алуға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға өз септігін тигізуде.
Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарына еніп, Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет бола бастағаннан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен мемлекеттік басқару жүйесі жаңғырып, әлеуметтік салада жүргізілген ауқымды өзгерістермен қатар, құқықтық реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Осыған орай, Әділет министрлігі тарапынан басқа мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылардың, ғалымдардың қатысуымен жаңа редакциядағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Арбитраж туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне» өзгерістер енгізу туралы» заң жобаларын әзірледі.
Осы заң жобалары мемлекеттік реттеуді азайту бағытында жүргізілген елеулі реформалар болып танылады.
Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады.
Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.
Бүгінгі күні SMS-хабарлама арқылы 102 анаға жаңа туған нәрестесінің тууы туралы мемлекеттік қызметі көрсетілді.
Өткен жылы мұрағат құжаттарының электрондық жүйесін қалыптастыру мақсатында азаматтық хал актілерін тіркеу мұрағатында сақтауда тұрған 1937-2008 жылдар аралығындағы 3214 кітаптың 964 117 акт жазбалары сканерленіп, электрондық мұрағаты қалыптастырылды.
Тіркеу құжаттары бойынша электронды мұрағат жүйесінің қалыптасуы да азаматтардың уақытын үнемдеп және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтерері сөзсіз.
Атқарушылық іс жүргізуі ақпараттық жүйе де мемлекеттік органдардың бірнеше қызметтерімен интеграцияланған. Бұл сот орындаушыларға атқарушылық құжаттарды электрондық форматта алуға, борышкерлердің мүліктік жағдайын және қамтамасыз ету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Әділет органдарының қызметкерлері Жолдауда көрсетілген бастамалар мен жоспарларды, одан туындайтын міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда жеке және заңды тұлғаларға құқықтық көмек көрсетудің пәрменін арттыра түсетіндігін нық сеніммен айта аламын.
Қ.САПАРОВ,
облыстық
әділет департаментінің басшысы,
ҚР «Заңгерлер Одағы»
облыстық филиалының төрағасы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |