Бүгін Қызылордада білім
алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың PISA-2018 халықаралық зерттеуі басталды. Зерттеу бүгіннен бастау алып, 14 мамырға дейін жалғасады.
PISA (Program for lnternational Student Assessment) халықаралық зерттеуі 15 жастағы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалайтын Адам дамуының индексі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл зерттеу оқушылардың білімдерін 3 бағытта (математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы) бағалайды. Қазақстан PISA зерттеуіне 2009 жылдан бері қатысып келеді.
Бұл зерттеуге кездейсоқ іріктеліп алынған 27 мектеп пен 8 колледждің 15 жастағы білім алушылары қатысады. Бүгін зерттеудің алғашқы күнінде химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» білім алушылары компьютерлік форматта тест тапсыруда.
Сонымен қатар, оқушылардың жаратылыстану-математикалық білімберудің сапасын анықтайтын ICILS зерттеуі, компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты анықтайтын TIMSS зерттеуі жүргізіледі. Барлығы 43 білім беру ұйымдарының 1449 білім алушылары қатысады деп жоспарланған.