ҚОРҚЫТ МҰРАЛАРЫ ЮНЕСКОНЫҢ ЖӘДІГЕРІНЕ АЙНАЛУЫ МҮМКІН

  Қорқыт Ата мұралары мен Қызылорда облысындағы 9 мәдени ескерткіш ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұраларының тізіміне енді. Облыстың мәдени мұра бойынша ғылыми-әдістемелік кеңесі аймақтың мәдени ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енгізу жұмыстарын жүргізді.
«2017 жылы Қорқыт мұралары мен тағы 9 ескерткіш - Сығанақ қалашығы, Жанкент, Кескен күйік, Шірік Рабат, Бәбіш мола, Жент, Баланды, Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері мен Сауысқандық петроглифтері ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіліміне енді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады»,- деп хабарлады  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен облыс активі мен кәсіпкерлер басқосуында.
Айта кету керек, мәдени мұраларды сақтау және қалпына келтіру - өңір дамуының басымдықтарының бірі. Мәселен, Қызылордада тараптарды келіссөздер жүргізу арқылы татуластыру тәжірибесін қайта жаңғыртып, еліміздегі алғашқы сотсыз татуласу орталығын ашу жоспарлануда.
"Қызылорда облысы ұлттық дәстүрлер сақталған өңір екендігін ескере отырып,  дәл біздің аймақта еліміздегі алғашқы «Сотсыз татуласу орталығын»  пилоттық жоба ретінде ашу туралы шешім қабылданды.  Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев сотсыз татуласу институтын жетілдіріп, дауларды соттардың араласуынсыз шешу тетіктерін әзірлеуді тапсырған болатын. Бізде мұндай тәжірибе бар -  Нағи Ілиясов  аулындағы қоғамдық бірлестік құрамындағы ақсақалдар ауылдастар арасындағы дауды бейбіт жолмен шешіп келеді. Бұл тәжірибені тарату қажет", - деп атап өтті облыс әкімі.
 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2018 г. 1 049 0