Қызылордалық актер «Сахнагер» сыйлығын иеленді

  27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Қазақстан театрлары ассоциациясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығын табыстады.
Шарада театр саласының майталмандары ұлықталды. Биыл "Сахнагер" сыйлығына бірнеше жаңа аталым қосылып отыр. Жас актерлар үшін арнайы "Үміт" номинациясы қарастырылған. Бұл аталым бойынша еліміз бойынша 26 театрдың 20-дан астам жас артисі марапатталды.
Жетістікке жеткендер қатарында Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының актеры, жастар труппасының жетекшісі Асқар Оразәлиев те бар . Ол «Үміт» номинациясын иеленді.
А.Оразәлиев – Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Облыстық театрда 2011 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Оның сан қырлы талантын жарқырата аша түскен дүниесі – Рақымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектакліндегі Темірбек Жүргеновтың образы.
А.Оразалиев тек театр қойылымдарында ғана емес, сонымен қатар республика, облыс көлемінде өткен іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып келеді. Спорт саласында да бағын сынап, театрдың жастар труппасынан құралған футбол командасында ойнайды.
Жас актер 2014 жылы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қолдауымен театр жанынан құрылған жастар труппасының жетекшісі болып бекітілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 наурыз 2018 г. 749 0