ҚАРМАҚШЫДА ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Қармақшы ауданының орталығындағы «Этносаябақта» Әз-наурыз мерекесі аталып өтті. Этносаябақта өткізілген мерекеде аудан әкімі С.Мақашов аудан халқын наурыз мерекесімен құттықтап ізгі тілегін жеткізді. 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қазақ халқының дәстүрінде орны ерекеше екендігін тоқталып өтті. Аудан жұртшылығы Наурыз мерекесін көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Этносаябақта ұлттық нақышта жабдықталған ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылып ұлттық дәстүрлерден көріністер көрсетілді. Ата-бабадан жалғасқан салт-дәстүрлер наурыз тойының тойбастар көрінісі, тұсау кесер,  ұйқыашар, селтеткізер, құда түсу, ерулік, қыз ұзаты, құйрық бауыр тарту, бастаңғы, көріністері қойылып, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 517 0