Сыр халқы ақтық сапарға шығарып салды

Көзінің тірісінде еліміздің мәдени, саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып, түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарған, соның ішінде «Нұр Отан» партиясының қызметін жетілдіру жолында аянбай еңбек еткен қоғам қайраткері Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетовты бүгін Сыр халқы ақтық сапарға шығарып салды.
Арда азаматпен қоштасу жиынында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев сөз алып, Ерімбетовтер әулетіне ғана емес, бүкіл қазақ қоғамына ауыр тиіп отырған қайғылы оқиғаға орай, Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Сағатұлының және барша партияластардың атынан марқұмның туған туыстарына қайығырып көңіл айтты. 
Нұрлан Кенжебекұлының жатқан жері жайлы, иманы салауат болсын!

"Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы




 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2018 г. 2 519 0