25 наурызда Арал, Сырдария, Шиелі аудандық және Қызылорда қалалық мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізіледі.
Осы сайлауды ұйымдастыруға 1 облыстық, 3 аудандық аумақтық, 1 қалалық аумақтық, 3 аудандық округтік 1 қалалық округтік және 11 учаскелік сайлау комиссиялары қатысады.
Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімі жергілікті әкімдіктермен акт бойынша тиісті учаскелік сайлау комиссияларына тапсырылды. Жергілікті атқарушы органдардың сайлаукомға берген мәліметі бойынша дауыс беруге 15706 сайлаушы қатысады.
Өтіп жатқан сайлау науқанында 4 депутаттық мандатқа 14 кандидат ұсынылып, оның екеуі тіркеуге дейін өзінің кандидатурасын кері қайтарып алды.
Бүгінгі күні округтік сайлау комиссияларымен 12 кандидат тіркелген.
Тіркелген кандидаттардың ішінде 8-і – өзін-өзі ұсыну жолымен, 4-і – «Нұр Отан» саяси партиясымен ұсынылған. 9 кандидаттың жоғарғы білімі бар, 3 – арнаулы орта білімді. Мамандығы бойынша: 2 кандидат - мұғалім, 2 – заңгер, 8 – инженер. Облыс бойынша кандидаттардың орташа жасы – 45 жас, ең үлкені 62-де, ең жасы 28-де. Тіркелген кандидаттардың қатарында 7 жеке кәсіпкер, 1 мұғалім, 1 мемлекеттік қызметкер, 1 уақытша жұмыссыз, 1 балабақшада психолог, 1 саяси партияның өкілі бар. 1 наурыздан бастап кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарына кірісіп кетті, ол 23 наурызда сағат 24-00 дейін жүргізіледі. Республикалық бюджеттен әрбір кандидаттың теледидардан 15 минут сөз сөйлеуіне, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялануына тең мөлшерде 183000 теңгеден қаражат бөлінген. Бүгінгі таңда алдағы сайлауды өткізуге барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары әзір. Сайлауға әзірлік кезеңі ішінде сайлау комиссияларына сайлау заңнамасының бұзылуы туралы өтініштер келіп түскен жоқ.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы