« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Біз бұл үйге 1998 жылы көшіп келдік. Өткендегі оқиғадан кейін жағдайымыз қалай болар екен дедік. Шүкір, қазір жағдайымыз жақсы. Кеше туысымыздың үйіне барып қонғанбыз. Ал бүгін әкімдіктегілер бізді жайлы және жылы жерге орналастырды. Көмек бергендерге алғысымызды білдіреміз», - деп Үрхия Құтмағанбетова.
Естеріңізге сала кетсек, 17 наурыз күні Арал қаласында екіқабатты үйді бөліп тұрған бөлігі опырылған. Жароков 20 үйде орналасқан нысан 1986 жылы балабақша ретінде салынған, 90-жылдары баспанасы жоқ тұрғындар иемденіп алған. Ғимарат 20 пәтерден тұрады, оның 15-де ғана тұрғындар қоныстанып келген. 16 -да заңды құжаты бар. Тұрғындар дереу аудандық жастар ресурстық орталығына және туыстарының үйіне орналастырылды. Сол күні аудан әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.
2018 жылдың 18 наурызында өткен брифингте Арал қаласының әкімі Бауыржан Махатовтың айтуынша, 2016 жылы жасалған сараптаманың қорытындысы бойынша ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу қажет болған. Тұрғындарға үйдің апатты жағдайда екені бірнеше рет ескертілген.
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев апатты үйдің тұрғындарымен кездесіп, облыстық бюджеттен Кіші Арал көшесінен 31 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін қаржы қаралатынын айтты. Ал, апатты ғимарат бұзылады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |