БІЗГЕ КӨМЕКТЕСКЕНДЕРГЕ РИЗАШЫЛЫҒЫМДЫ БІЛДІРЕМІН

  «Оқиға орын алған мезетте жан-жаққа хабарласып, құқық қорғау орындарына, жедел жәрдемге, әкімшілікке ескерттік. Барлығы жедел жетіп, тиісті мекемелер күні-түні құтқару жұмыстарын жасады», - деді Оразкүл Лашынова.

Сондай-ақ, мектеп ұжымы да балаларды мектепке апарып, оқытқан.

«Олар балаларымызға көмек қолын созды. Адамдар басына іс түскенде сыналады. Біздің қиындығымызға ешкім де бей-жай қарамады», - деп атап өтті ауыл тұрғыны. – Бізге уақытша тұруға үй берді. Мен бәліш, тамақ  пісіріп сататынмын. Қалай тіршілік етер екенмін деп ойлап едім. Әкімдіктегілер оны да ескеріп, маған арнайы сарайы бар 2 бөлмелі үй берді. Алдағы уақытта өз ісімді жалғастыратын боламын. Бүгін біздерге жаңа баспана салынатындығын да естідік. Қуаныштымын, алғысым шексіз. Бізге көмектескендерге ризашылығымды білдіремін».

 Естеріңізге сала кетсек, 17 наурыз күні Арал қаласында екіқабатты үйді бөліп тұрған бөлігі опырылған. Жароков 20 үйде орналасқан нысан 1986 жылы балабақша ретінде салынған, 90-жылдары баспанасы жоқ тұрғындар иемденіп алған. Ғимарат 20 пәтерден тұрады, оның15-де тұрғындар қоныстанып келген. 16 -да ғана заңды құжаты бар. Тұрғындар дереу аудандық жастар ресурстық орталығынажәне туыстарының үйіне орналастырылды. Сол күні аудан әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

2018 жылдың 18 наурызында өткен брифингте Арал қаласының әкімі Бауыржан Махатовтың айтуынша, 2016 жылы жасалған сараптаманың қорытындысы бойынша ғимараттыкүрделі жөндеуден өткізу қажет болған. Тұрғындарға үйдің апатты жағдайда екені бірнеше рет ескертілген.

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев апатты үйдің тұрғындарымен кездесіп, облыстық бюджеттен Кіші Арал көшесінен 31 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшінқаржы қаралатынын айтты. Ал, апатты ғимарат бұзылады.  

 

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2018 г. 797 0