Су басқан мектептің оқушылары басқа жерде оқиды

Бүгіннен бастап Қазалы ауданы Аранды елдімекенінің оқушылары көрші Қожабақы ауылындағы мектепте білімдерін жалғастырып жатыр.

Бүгінгі таңда онда 300 бала бірінші ауысымда білім алады. Ал Арандының 98 оқушысы екінші ауысымда оқуда. Қазалы ауданының әкімдігі оқушылар мен мұғалімдерге арнап арнайы көлік бөлді. Сонымен бірге, тұрмысы төмен отбасылардың балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Қожабақы ауылындағы №25 мектеп директоры Ғабит Сағидуллаевтың айтуынша,  оқушылардың білім алуына байланысты ешқандай мәселе жоқ. Жөндеу жұмыстары аяқталғанша, оқушылар біздің мектепте оқитын болады.

Бұған дейін, Қызылорда облысындағы  Қазалы ауданына қарасты Аранды ауылында №97 мектеп аумағын су басқандығы туралы хабарлаған болатынбыз. 






 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2018 г. 678 0