ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫН

   Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңыр» ғарыш айлағында орналасқан «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорны – ғарыш айлағындағы алғашқы қазақстандық кәсіпорын.

Кәсіпорын «Байқоңыр» кешенiнiң Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген және одан шығарылған объектiлердiң сақталуын және тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету, осы объектілерде табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асырады.

Биылғы жылы «Инфракос» кәсіпорны мемлекеттік тапсырыс бойынша  «Бай­қоңыр» кешені Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кірмеген объек­тілердің сақталуын қамтамасыз ету, «Бай­қоңыр» кешенінің объектілерін жөндеу, кәдеге жарату және қайта жаңғырту жұмыстарын ұйымдастырады.

Сонымен қатар, «Байқоңыр» ғарыш айлағында орналастыруға рұқсат етілмеген қалдықтарды жою және позициялық аудан­ның ластанған учаскелерін жөндеп, қалпына келтіруде бірлескен бағдарлама бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

«Инфракос» РМК «Байқоңыр» ғарыш айла­ғындағы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс атқаратын шаруашылық жүргізу құқы­ғындағы бірден-бір кәсіпорын болған­дықтан, еңбек ұжымы өндірістік технологияны қазіргі заман талабына сай жаңғыртумен қатар кәсіби шеберліктерін үздіксіз арттыра беру арқылы жетістіктерге жетуді көздейді.

Мұндағы қызметкерлердің көпшілігі жас­тар. Қазіргі кезде атқарылып жатқан реформалар мен қыруар істер еліміздің бола­шағы, яғни,  жастарымыздың болашағы үшін жасалуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республи­касының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тапсырмасына сәйкес, ғарыш саласы қызметін дамытуды насихаттау мақсатында «Байқоңыр» қаласындағы №273 қазақ тіліндегі орта мектеппен «Инфракос» кәсіпорны ынтымақтастық жұмыс жоспарын жасап, бекітті.

Кәсіпорын қызметкерлері жыл сайын Байқоңыр қаласында және республикалық деңгейде өткізілетін «Қамқорлық», «Мектеп­ке жол» қайырымдылық акцияларына қатысып, өз қаражаттары есебінен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық көмек көрсетіп келеді.

Үстіміздегі жылы мамыр айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен «KADEX-2018» қару-­жарақ және әскери-техникалық V Халық­аралық көрмесі өтетін болады.

Оған отандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының кәсіпорындары, жетекші конструкторлық бюро мен ғылыми-зерттеу институттары қатысады.

«KADEX-2018» көрмесі аумағында ор­та­лық диалогтық көрме алаңдарының бірі болатын «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумы тұңғыш рет өткізіледі. Осы форумға алыс-жақын шетелдерден көптеген қонақтар келеді деп күтілуде. Шарада соңғы жылдардағы ғарыштық қыз­меттің қорытындылары, Қазақстан Республикасының ғарыштық саласының даму перспективалары қаралады. Оны өткізу отандық және әлемдік ғарышкерліктің жетістіктерін кеңінен таратуға, қазақстандық ғарыштық жобалардың инвестициялық тартымдылығының дамуына, әлеуметті тұтынушыларды ғарыштық кәсіпорындар ұсынатын қызметтерді тартуға жәрдемдеседі. Аталған іс-шара ғарыш саласының дамуына өз ықпалын тигізері анық. 

Үстіміздегі жылы сәуір айында атап өтілгелі отырған Қазғарыштың 25 жылдық мерекесіне де кәсіпорын қызметкерлері үлкен дайындық үстінде.

Сонымен қатар Елбасы Жолдауында көрсетілген кәсіпорындарды цифрландыру тапсырмасына сәйкес, атқарылар жұмыстарға кәсіпорын ұжымы біркісідей жұмылып атсалысады және бар жауапкершілікті жақсы сезінеді деп білеміз.

Мағауия ӘЖМОЛДАЕВ,

 «Инфракос» РМК                                                                       бас директоры.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2018 г. 641 0