« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі кәсіпкерлердің ІІ республикалық форумында айтты.
«Цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту – біздің басты ортақ міндетіміз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл үдеріс бірінші кезекте қызмет көрсету саласында басталауы керек. «Атамекен» бұл бағытта жұмыс істеуде. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмысы аясында «Бизнеске арналған Үкімет» құрылып жатыр. Бүгінде 76 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған, 2018 жылға дейін Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі бойынша 52 мемлекеттік қызмет автоматтандырылады. Кеден саласы электронды форматқа көшуі шарт: кеден саласында түйткілдер көп. 2018 жылы кеден қызметі көрсететін 18 қызметті цифрландыру міндеті тұр. Осылайша мемлекеттік қызметте жемқорлық қатерлер азаяды», – деді Тимур Құлыбаев.
Цифрландырудың түпкі мақсаты тәуекелдерді басқару жүйесін толық автоматтандыру, яғни жүйе шенеуніктің қатысуынсыз, тексеру объектісін өзі анықтайтын болады.
Ұлттық палата басшысының айтуынша екінші міндет – ол мемлекеттік аппарат қызметкерлері санын қысқарту. Бақылау-қадағалау функцияларын тексеру аяқталған соң, 1100 тексеруші қызметкер қысқарады.
«Біз қысқартудан кейін үнемделген қаражатты қызметкердердің жалақасын жоғарылатуға жұмсауды ұсынамыз. Осылайша мемлекеттік органдар қызметкері корпоративті секторда секілді табыс тапқаны жөн, сонда ғана мемлекеттік секторда кәсіби мамандар жұмыс істейді. Біз мемлекеттік аппараттың кәсіби мамандардан тұрып, шағын әрі сапалы болғанын қалаймыз», – деп атап өтті Төралқа Төрағасы.
«Атамекеннің» тағы бір ұсынысы – кәсіпкерлерге қатысты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру. Бұл бағытта Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің барлық құралы бар: тәртіп комиссиялары жұмыстарын үйлестіруге ықпал ете алатын Этика бойынша өңірлік кеңестер жүйесі мен мемлекеттік органдарда этика бойынша өкілеттілер құрылған. Әр кәсіпкер шенеуніктің өзінің заңсыз әрекеті үшін жауапқа тартылатынына сенімді болуы керек.
Төртінші – бұл жеке сектордың жауапкершілігін арттыру. Соңғы уақытта қоғамдық тамақтану орындары, лифт шаруашылығы, тасымалдау, өрт қауіпсіздігі салаларына қатысты сын көп айтылуда.
«Бұлардың барлығы адам қауіпсіздігі мен денсаулығы, қоршаған ортамен байланысты. Бұл салалар қатаң бақылауда, оның ішінде бизнестің жауапкершілігінде болуы керек. Бұл жерде өзін-өзі бақылаудың нақты механизмі қалыптасып, өнім сапасы төмендеуін алдын алуда бизнестің жауапкершілігі артуы керек. Біз адал, салық төлейтін, заңға бағынатын кәсіпкерлер мүддесін қорғаймыз», – деді Ұлттық палата басшысы.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2018 жыл маусым айында өтетін кезекті Съезінде кәсіпкер этикасы кодексі қабылданбақ. Онда кәсіпкерлердің басқа кәсіпкерлік субъектілерімен қарым-қатынасындағы міндеттері мен нормалары жазылады.
Форум аясында «Атамекен» ҚР ҰКП мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша берлескен жұмыстың екінші Жол картасына қол қойылды.
Тимур Құлыбаев Жол картасын орындау екі тараптан да қатаң бақылауда болатынын айтып, Агенттікке кәсіпкерлік-қоғамдастыққа көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |