« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани жаңғыру - қазақ тіліміздің негізі екендігін терең толғаныспен айтқан болатын. Сондықтан өткен жылы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 569 Жарлығы шықты.
Елбасымыз айтқандай, рухани жаңғыру сан-салалы, еліміздің жан-жақты жаңғыруы: 1) рухани жаңғыру; 2) еліміздің материалды жаңғыруы; 3) салт-санамыздың жаңғыруы; 4) қазақ тілінің өркениетті түрде жаңғыруы.
Ана тіліміздің рухани атасы - А. Байтұрсынұлы әрі Қазақ рухани- мәдениетінің нағыз реформаторы. Қазақ тілі мен әдебиетінің ғылыми негізін қалаған, терминологиясын жасаған ұлы ғалым. Ол алғаш рет «әліпби» сөзін де термин ретінде ғылыми саламызға енгізген ұлы білімпаз ғалым.
Өткен тарихымызға қарасақ, Қазақ елінде әліпбиіміз үш рет ауысты. 1929 жылға дейін арабша,1929-1940 жылдарда латынша, 1940 жылдан бастап кириллицаға көштік.
Жоғарыда осы әліпбиге қатысты терминдерді саралау барысында халық пен ғалымдар арасында сан-салалы пікірталастар болды. Атап айтсақ, диграфтар, апострофтар мәселелері жан-жақты қозғалды. Талқылауға қатысқан мамандар мен белсенді азаматтар өздерінің қазақ тіліне деген жанашыр пейілдерін көрсетті.
Бұрынғы жобаға қарағанда бұл әліпби біраз ықшамдалып әрі ғылыми жүйеге түскен. Еліміздің рухани дамуының негізгі тірегі - қазақ тілі болса, оның жаңарған әліпбиі, қазақ тілінің әлемдік-өркениеттік рухани дамуындағы тағы бір ірі жеңісі, әрі әлемдік елдердің жалпы дамуындағы Еуропа елдерімен жан-жақты қарым-қатынас жасау үшін келешегіміздің заңды, құқықтық кепілі болмақ. Әлі де болса жұмысшы тобы емле ережелерін жасау барысында, біздің ұлттық тіліміздің негізгі заңдылығының сақталу жолын жан-жақты қарастырып, қазақ тіліміздің рухын сақтауы аса қажет екендігіне арнайы аса мән беруіміз қажет.
Тасболат Медетбаев,
филология ғылымдарының кандидаты,
«Болашақ» университетінің аға оқытушысы
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |