ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА МӘЛІМЕТ

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп­керлікті дамыту бағдарламасы» аясында 2018 жылдың 1-3 наурыз күндері Қызылорда облысына Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жұмыс берушілер делегациясы ша­қырылып, 1934 бос жұмыс орындарын ұсынатын болады.

Бағдарлама аясында келесі шаралар:

Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (84175 теңге) мөлшерінде көшуге мате­риал­дық көмек беріледі.

Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысу­шыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғы­лықты жерге келгеннен кейін беріледі.

Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішін­де жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұр­ғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қыз­меттерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мына­дай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:

1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

1.1) бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде (48100 т.);

1.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде (60125 т.);

1.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК (72150 т.) мөлшерінде төленеді;

2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

2.1) бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде (36075 т.);

2.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК мөлшерінде (43290 т.);

2.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде (50505 т.) төленеді.

Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімі­мен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2018 г. 613 0