« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Соңғы жылдары рекордтық өнімге қол жеткізіп келген Сыр егіншілері, әлбетте, биылғы жылы да үлкен үмітке иек артады. Көктемнің әр күнін жылға азық санайтын еңбеккерлер егіске дайындықты барынша пысықтап жатыр.
Сонымен, мамандардың есебі бойынша үстіміздегі жылы облыста 177,1 мың гектарға егiс егу межеге алынған. Оның ішінде дәндi дақылдар 88 мың, майлы дақылдар 10,6 мың (өткен жылмен салыстырғанда 4 мың гектар артық жоспарлануда), мал азығындық дақылдар 60,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,7 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 81 мың гектар болмақ.
Облыс бойынша 22695 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы, 560 тонна жаздық бидай, 66 тонна арпа, 70 тонна сұлы, 238 тонна жоңышқа және 93 тонна мақсары тұқымы дайындалған. Қазіргі таңда шаруашылықтар қажетті минералдық тыңайтқыштар мен гербицид сатып алуда.
Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын трактор, соқа, тұқым сепкіш, автомашина және трактор тіркемесі сынды құрал-жабдықтардың басым бөлігі жөндеуден өткен. Ал облысқа көктемгі егін егу және күзгі дала жұмыстарына Үкімет тарапынан кепілді бағамен бөлінген 14 мың тонна дизель отынының 5 мың тоннаға жуығы наурыз айына жеткізіледі.
«АгроХолдингБайқоңыр» ЖШС арқылы көктемгі дала жұмыстарын өз деңгейінде жүргізу мақсатында 1 млрд теңге қаржы бөлу межеленсе, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы облысқа барлығы 2258,9 мың теңге қаржы қарастырылған.
Сәтін салса, ерте егілетін дақылдарды наурыз айының 20-нан, ал күрішті сәуір айының соңына қарай егу жұмыстары жүргізіледі дейді мамандар.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |