« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіру бойынша құрылған республикалық ақпараттық топ мүшелері бүгін қазалылықтармен кездесті.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен бас қосуға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобильжолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов, облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов қатысты.
Аудан басшысы негізгі басымдық елді өркендетуге бағытталғанын айтып, Жолдауда айтылған 10 міндеттің маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында ақпараттық топ Мемлекеттің басты құжаты еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде айрықша орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ олар жыл құжатындағы негізгі бағыттар Қазақстанның әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және технологиялық салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік беретінін жеткізді.
Сонымен бірге стратегиялық құжатта айтылған басым бағыттардың маңыздылығын жеткізіп, қатысушылар сауалдарына жауап берді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |