ҚАЛА ТОЛЫҒЫМЕН ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ (видео)

Кеше Қызылордадағы екінші газ тарату станциясының қалаға шығатын магистралды газ құбырында авария болып, газ қалаға уақытша АГТС-1 арқылы берілген болатын.
Осы оқиғаның салдарынан Тайманов көшесіндегі көппәтерлі 2 үйде оқыс оқиға болды. АГТС-2-ден газ тоқтатылып, АГТС-1 қосылған кезде үйде тұрғындар болмаған. Өшіп қалған пеш газ АГТС-1 арқылы берілгенде қайта жанған. Нәтижесінде бөлмеге газ жиналып, үйлердің бірінде жарылыс болып, пеш тұрған бөлменің қабырғасы опырылып түскен.
Бүгін мамандар құлаған қабырғаны қайта тұрғызды. Оқыс оқиға болған үйлердің екіншісінде тұрғынның бетін жеңіл күйік шалған, оның жағдайы жақсы. Қазіргі кезде қала толығымен көгілдір отынға қосылды.








Өңірлік коммуникациялар қызметі
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2018 г. 918 0