« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Облыстағы өңдеу өнеркәсібінің 40 проценті біздің ауданға тиесілі. Ал өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны – 3338-ге жетті. Оның 239-ы заңды тұлғалар болса, 1160-ы шаруа қожалықтар және 1939-ы жеке кәсіпкерлер. Олардың арасындағы нақты белсенді кәсіпкерлер үлесі жөнінен облыста көш бастап отырған жайымыз бар. Егер де басқа аудандардағы жалпы кәсіпкерлер санына шаққанда белсенді кәсіпкерлер үлесінің ең үздік көрсеткіші 80 проценттен аспаса, бізде ол 95 процентті құрайды. Яғни олар 3171 бірлікке жетті. Кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 9213 адамға жетіп, 11126,4 млн теңгенің өнім (оның 2838,2 млн теңгесі өнеркәсіп өнімдері) өндірілді. Бюджетке түскен салық 1141 млн теңгені құрады».
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру және 2017 жылдың қорытындылары жөнінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.
Индустриалды-инновациялық даму мақсатында қомақты инвестициялар салып, аудан экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып отырған «Казатомпром» АҚ-на қарайтын уран өндірісімен айналысатын «Қызылқұм» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «СКЗ-U» ЖШС және қорғасын-мырыш өндіретін «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ ерекше атауға болады. Сондай-ақ, қиыршық тас өндіретін «КДСМ Қыран» ЖШС, «УАД» ЖШС компаниясы қызмет етуде. Алдағы жылдары, индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында ауданда бірнеше инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда. «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ кенішті модернезациялау және кен байыту фабрикасын салу жұмыстарын бастайды. Мұнан өзге «Премиум Класс-Строй» ЖШС-нің жылдық қуаты 30 мың тонна әк шығаратын зауытының жобасы. «БК Кызылордацемент» ЖШС-нің қуаты жылына 560 мың тонна цемент өнімін шығаратын зауытының құрылысы, «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-не жылына 12 мың 750 тонна томат пастасын шығаратын зауытының құрылысы жүргізілмек.
Ауданда білім беру, денсаулықты сақтау, мәдениет және спорт саласында да табысты нәтижелерге қол жеткізіліп отыр. Жаңақорған ауданының туристік әлеуетін арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Барлық салада ілгерілеушілік бар екенін атап өткен аудан әкімі 2017 жылдың басты табысы ауылшаруашылығы саласында болғанын жеткізді. Ондаған жылдар бойы істен шығып қалған көптеген егіс танаптарын іске қосып, күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізу, өсімдікке қажетті қорегін, агротехникалық шараларды мерзімінде жүргізудің нәтижесінде 2017 жылы егілген 9967 гектар күріштің әр гектарынан 48,6 центнерден өнім жиналып, 48000 тоннадан астам дәнді дақыл қамбаға бастырылды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда әр гектарынан 5,1 центнерге артық өнім алынып, өсім 11,2 процентке жетіп отыр.
Сыр өңіріндегі төрт түліктің үштен бірі Жаңақорған ауданында екені белгілі. Осы ретте жергілікті шаруа қожалықтар мемлекеттік бағдармаларға белсенді қатысуда. Мәселен, «Сыбаға» бағдарлама бойынша облыста көш басында келеді. Былтыр аталған бағдарламасы бойынша 744 бас сиыр, 26 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алынған. Несие көлемі 130,6 млн теңге. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 572 бас аналық қой, 65 қошқар сатып алынып, несие көлемі 16 млн теңге құраса, «Құлан» бағдарламасы бойынша 75 бас аналық жылқы және 5 айғыр сатып алынды. Несие көлемі 17,4 млн. теңге.
Аудан басшысы 2016-2017 жылдары егін және мал шаруашылығымен айналысатын 46 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылғанын айтты. Оның ішінде 9 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 278 жеке отбасылық тұлғадан құрылған. Бұлардың арасында 7 мал шаруашылығы ет, сүт өндіру бағытында қалған екеуі жеке тұрғындардың мал тұқымын асылдандырумен айналысады. Аудандағы кооперативтік қозғалысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сай белсенділігі артты. Оны дайын өнімдерді өндеуге деген талпынысынан байқауға болады. Мәселен, Қожакент ауылдық округіндегі «Миялы» кооперативі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 23 млн теңгеге модульді мал сою цехы құрылды.
Ғ.Әміреев ауданда кәсіпкерлікті дамытудың потенциалы жоғары. екенін атап өтті. Өткен жылы алғашқылардың бірі болып ауданда ашылған Агро-индустриялық аймақта кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасады. Осының жалғасы ретінде үстіміздегі жылы бес ауылдық округте инфрақұрылым мәселелері шешілген «Агро-индустриялық аймақ» құрылады.
Онда кәсіпкерлікпен ынталы азаматтар тек аудан емес, жалпы облыс тұрғындары бұл индустриялық аймақтарда маусымдық жұмыс жүргізіп, табыс табуына қолайлы жағдайлар жаслатынын жеткізді.
Баспасөз мәлихатын қорытындылаған аудан әкімі жеткен жетістіктермен тоқтамай, 2018 жылы биік белестерді бағындыруға күш салына беретінін жеткізді.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |