ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСТІ НӘТИЖЕСІ

 Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың халыққа есеп беру кездесуінде атқарылған қыруар іске байыпты баға берілді. Аймақтың даму сипатын айқындайтын көрсеткіштер, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы қарқын қуантты.

Бүгінде аталған салаға ерекше серпін берілген. Егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асуда. Соңғы 3 жылда мал азығы мен майлы дақылдар егістігі 6 мың гектарға ұлғайды. Ал, күрішшілер әдеттегі рекордты тағы да жаңартып, бұрын-соңды болмаған егін жинады. Біз халықаралық және ресейлік күріш шаруашылығын ғылыми-зерттеу институттарының тәжірибесі негізінде жаңа селекциялық технологияны әзірлеп, оған патент алдық. Сонымен қатар, биылдан бастап өңірде кәсіпкерлердің сұранысына орай сорт жетілдіру жұмысы басталады. Өнімді терең өңдеу жұмыстары да назардан тыс қалмайды.

Бұдан бөлек, облыс орталығын көркейтуді көздейтін бастамалар жемісін беріп келеді. Кеңейген көшелер, жаңадан бой көтеріп келе жатқан шағын аудандар шаһардың таяу болашақтағы бет-бейнесін айқындап бергендей. Аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асқан осындай толымды тірліктер, игілікті істер өңір экономикасының ілгерілеуіне септігін тигізетініне, жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдімін.

Александр ПОДОЛЬСКИХ,

Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, 

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 ақпан 2018 г. 924 0