БІЗДІ БЕЛСЕНДІЛІК БИІКТЕТЕ БЕРЕДІ

 Шын мәнінде, біздің облыста атқарылған жұмыс­тар ұшан-теңіз. Соның ішінде көзге көріне бермейтін, халық күнделікті бай­қай бермейтін жер астындағы инфра­­құрылымдық жүйе­лерді – ауызсу және кәріз құбырларын жүр­гізуге соңғы бес жылда 111 млрд теңге қаржы жұмсалған екен.  Соның арқасында ауызсу сапасы бірнеше есе артып, ол өз кезегінде тұрғындар денсаулығын жақсартуға, экологиялық ахуалдың түзелуіне өзіндік әсерін тигізуде.

Біздің су шаруашылығында да жасалып жатқан жұмыстар өте көп. Соның ішінде САРАТС 2 жобасының жүзеге асырылатыны туралы жақсы жаңалық жеткізді облыс басшысы. Бұл жоба бұрын 6 компоненттен тұратын болып жоспарланып келсе, енді ол сегізге жетіп отыр. Оның төртеуі республикалық бюджеттен, төртеуі Дүниежүзілік банк арқылы қаржыландырылатын болады. САРАТС–2 жобасының жүзеге асырылуымен  Сыр өңірінің экономикалық, экологиялық жағдайы одан әрі жақсара түсетін болады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығының, балық шаруашылығының дамуына әсері мол болмақ.

Биылғы жылы облыста жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кәсіпкерлікті қолдауға 32 млрд теңге бөлінгелі отыр. Бір қуанарлығы, соның ішінде 8,5 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге берілетіндігі. Бұл ауылдық елді мекендердегі халықтың кәсіппен айналысуына, жұмыспен қамтылуына үлкен серпіліс беретіні сөзсіз. Ол өз кезегінде халықтың әл-ауқатын арттырып, жұмыссыздықты азайтып, салық базасын кеңейтеді және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Бір сөзбен айтқанда, облыс әкімінің есепті кездесуі өте мағыналы әрі жетістігіміз бен алдағы бағыт-бағдардың сара жолдарын айқындап берді.


Жорабек НҰРЫМБЕТОВ,

облыстық мәслихат депутаты.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 ақпан 2018 г. 746 0