БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫН ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ БАСТАЛДЫ

Бүгінде Байқоңыр қаласында көпқабатты 5 тұрғын үйдің (50 пәтерлік) құрылысы, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Байқоңыр қаласын газбен жабдықтау басталды. Табиғи газға 6 тұрғын үй, 6 мектеп пен балабақша қосылған. Энергетика министрлігі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесіп екі ел Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің жобасын әзірледі. Қазір ол Ресей тарапынан келісім күтуде.  

«Иә, қала басқа елдің уақытша құзыретінде. Бірақ, мен бұрын мәлімдегендей, «біз ғарыш айлағын жалға берсек те, Қазақстанның азаматтарын жалға берген жоқпыз!» Сондықтан, 2014 жылы 6 мектеп пен балабақшаны қазақстандық білім стандартына көшіруді, қаланың аумағында облыстық медицина орталығы және емханалар филиалдарының жұмысын ұйымдастыруды, қаланың тұрғын үйлерін салуды және газдандыруды бастар алдында екі елдің Келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі екі тараптың мемлекеттік органдарының келіссөздері мен орасан зор жұмыстары арқылы іске асатынын ескеру қажет», - деді облыс әкімі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2018 г. 740 0