СЫРДАРИЯНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МӨЛТЕК АУДАН БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Жыл соңына дейін Сырдарияның сол жағалауындағы алғашқы мөлтек аудан ашылады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.

«Қазіргі кезде мұнда 320 орындық балабақша, «Болашақ» университетінің кампусы мен жастар ресурстық орталығының құрылысы жүріп жатыр, неке қию сарайы салынады. Ең бастысы, 2017 жылы алғашқы 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастадық. Сол жағалаудағы бірінші мөлтек ауданды биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз»,- деп мәлімдеді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, қазір жаңа қалада Рухани жаңғыру орталығының құрылысы жүріп жатыр. Нысан 1925 жылы ұлтымызға қазақ атауы берілген тарихи шешім қабылданған Қазақ атқару комитеті ғимаратының сызбасы негізінде бой көтереді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2018 г. 1 298 0