« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда облысында жыл сайын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан шамамен 100-ге жуық дарынды ауыл баласы еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарында облыс әкімі гранты есебінен оқуда. Бүгінде 700-ге жуық адам осындай грант иегері атанды.
Бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев ағымдағы жылдан бастап олардың 70 пайызға жуығын ІТ мамандықтарына сәйкес дайындау жоспарланып отырғанын айтты. Ерекше жетістік – өткен жылғы мектеп түлектерінің 97 пайызы жоғары оқу орындарына және колледждерге оқуға түскені.
«Бірақ, болашағы бар мамандық иелері жас инженерлердің өңірде орнығып қалуы үшін, олар жаңа жоғары технологиялық өнімдерді дайындауы үшін біз оларға шығармашылық орта, өмірдің жаңа әлеуметтік стандарттарын қалыптастыруымыз қажет! Сондықтан біз Қызылорда қаласының сол жақ жағалауынан Жастар орталығын негізінен ІТ-Орталық ретінде іске асыруды жоспарлаудамыз», - деді аймақ басшысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |