АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

Қазір Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтіп жатыр.

Аймақ басшысы онда 2017 жылы ғана емес, соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, биылға арналған жоспарлар жайында айтты. Жиынға ҚР Президент Әкімшілігінің өкілі Н.Тлешов,ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілі С.Қизат,ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов,«Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғ.Әбдірахымов, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аймақтағы 264 елді мекен тұрғындарының өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес өкілдері, еңбек ұжымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Есепті кездесуге, одан бөлек, бейнебайланыс арқылы аудандар да қосылды.

Айта кетейік, бұл – облыс әкімінің аймақ басшысы ретінде өткізіп отырған бесінші есеп беру кездесуі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2018 г. 1 124 0