ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ - ҮЗДІК ӘКІМДЕР ҮШТІГІНДЕ

Жылдың бірінші айында өңір басшыларының атқарған жұмыстары сарапқа салынып, әкімдер рейтингі жарияланды деп хабарлайды sayasat.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Аймақ көшбасшыларының бір ай көлемінде атқарған жұмыстары біріншіден, елбасының жолдауына, екінші – қаңтардағы қатты аяз бен инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, үшіншіден президенттің АҚШ-қа жасаған сапарына байланысты мемлекеттік аппараттың күн тәртібінде белгіленген жұмыс жоспарының іске асырылуына қатысты бағаланды.
Рейтинг қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек иеленді.
Саяси тұрғыдан Исекешевтің қаңтарда атқарған қызметі кейбір сарапшылардың көңілінен шықпады. Ал басқалар үшін Исекешевтің жұмыс қарқыны керісінше өскен. Әсіресе елордалық дауыл мен аяз кезінде әкім өзін барынша жақсы басқарушы ретінде көрсете білген.
Нәтижесінде Астана әкімі екінші орынға тұрақтады.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қытай мен Татарстанға жұмыс сапарымен барып, нәтижесінде облыс ісіне бірқатар перспективалық жобалар қосылды. Тәжірбиелі басшы әкімдер рейтингісінде үшінші орыннан көрінді.
Ал облыс басшылары арасындағы рейтингке сәйкес, төртінші орынға жайғасқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың позициясы тұрақты болып қала береді.
Бесінші орынға көтерілген Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановқа қатысты да сарапшылар оң баға берген. Олар Тоғжановтың саяси салмағының артып келе жатқанына назар аударады.
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әкімдер рейтингісінде алтыншы орынды еншіледі.
Сарапшылардың көпшілігі үшін рейтинг бойынша артта қалып қойғанымен, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов халық тарапынан оң бағаға ие болған ерекше әкімдер тобын құрайды.
Ал 10 қаңтарда ғана Жамбыл облысының әкімі болып сайланған Асқар Мырзахметов келесі айдан бастап рейтингтік бағалаушыға кіреді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2018 г. 1 223 0