Жаңа қоныс –жан жылуы

«Үй болмай күй болмайды» деген рас. Бәрінен бұрын басқа көршілерім сияқты мені де құлау қаупі бар үйде тұратынымыз қатты алаңдататын. Өйткені астынан ыза теуіп, қабырғасы мүжіліп, іргесі шөге бастаған еді.
Балаларымның несібесі шығар, былтыр осы қиындықтан біржола құтылдық. Қаланың Титов қыстағында салынған 60 пәтерлі көпқабатты үйден бізге де бір пәтер бұйырып, жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алған жайымыз бар. Бұған балаларым қатты қуанды. Қабырғасы қаусаған үйде – үрей құшағында өткізген күндерімізді осы бір қуанышты сәт жуып-шайып кеткендей. «Өз үйім – өлең төсегім» дегенді енді түсінгендей болдық. Қазір тұрып жатқан жеріміз жайлы, жылы әрі еңселі. От жақпаймыз, суы үзіліссіз ағып тұр.
Ақпарат құралдарынан естіп-біліп жүрміз, облыстағы апатты үйлер мәселесі толығымен шешілген екен. Облыстың еліміз бойынша баспана құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан өңірлердің көш басында болуы көңіл қуантады. Соңғы үш жылда облыс орталығында 14 шағын аудан бой көтеріп, мыңдаған қызылордалық жаңа баспанаға қол жеткізіпті. Біз сияқты талай отбасыға осындай бақытты сезінуге мүмкіндік бергені үшін аймақ басшылығына ризашылығымды білдіремін.

Бауыржан ӘБІЛДАЕВ,
Қызылорда қаласы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2018 г. 1 169 0