« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жуырда Арал ауданындағы Арал индустириалды-техникалық колледжінің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Сонау 1927 жылы балық аулау артельдері жанынан осы кәсіп саласына керек жұмысшы-мамандарға алғашқы біліктілікті үйрету негізінде құрылған оқу орны күні бүгінге дейін он алты мыңнан астам түрлі мамандық иелерін тәрбиелеп шығарған. Осынау ұзақ ғұмырлы білім ордасының өткен белестері де Қазақстан тарихымен тікелей тағдырлас. Кеңес үкіметі тұсында ГПТУ-4 атауына ие айтулы оқу орны кейінгі жылдары №4 кәсіптік-техникалық мектеп, №16 кәсіптік мектеп, кәсіптік-лицей деп аталып келсе, 2012 жылы «Арал индустриалды-техникалық колледжі» дәрежесіне дейін көтерілді. Жаңа статусқа ие болған колледж бүгінде «Ағаш ұстасы», «Электргазымен дәнекерлеуші», «Байланыс құрастырушысы», «Тігінші», «Құрылыс шебері» секілді өзге де мамандықтар бойынша орта және орталау мектеп бітірген жастарды оқуға қабылдап, білікті кадр етіп шығаруда. Оның ішінде, еңбек нарығында дайындалатын мамандарға деген сұранысты ескере отырып, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын, оқу-әдістемелік кешенін заманауи талаптарға сәйкес нығайтып, оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау және серіктес ұйымдар мен потенциалды жұмыс берушілермен байланыс орнатуда жаңаша жұмыстың үлгісін көрсетіп жүрген колледждің еңбегі ерен.
Осы орайда, сындарлы шақтарды бастан өткеріп, бүгінде келешегі зор салалардың дамуына орай мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау , қайта даярлау және біліктілікті көтеруде нағыз ұстаханаға айналған білім ордасының торқалы мерейтойы жоғары деңгейде өткізілді.
Нақтырақ айтқанда, мерейтойды атап өту Арал индустриалды-техникалық колледжінен бастау алып, шараға аудан басшысы М.Оразбаев, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымова, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Р.Байназарова, аудандық мәслихат хатшысы және облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіптік білім беру саласының ардагерлері, әлеуметтік серіктестер мен облыс аумағындағы 13 кәсіптік-техникалық бағыттағы колледждердің директорлары, БАҚ өкілдері арнайы қатысты.
Мерейлі мерейтойда бас қосқандар шара барысында колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, шәкірттердің дәрістеріне және тігінші, балық өңдеуші мамандардың жұмыстарына куә болды. Сонымен қатар, өткен тарихтан сыр шерткен мұражайды тамашалап, «Кәсіптік көкжиегін кеңейткен білім ұясы» атты кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысты.
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР – НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КӘСІБИ БІЛІМ
Кәсіби мамандарды дайындауда Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырудың негізгі міндеті – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштастыру. Осы бағытта, негізі қаланғанына 90 жылдың жүзі болған Арал индустриалды-техникалық колледжі нәтижелі білім беріп келеді.
Осы ретте, өткен жұмада траихи коледждің 90 жылдық мерейтойы аясында «Болашаққа бағдар – нәтижеге бағытталған кәсіби білім» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Облыстық білім басқармасы, аудан әкімдігі және индустриалды-техникалық колледждің ұйымдастыруымен өткізілген конференцияны аудан әкімі М.Оразбаев ашып, колледждің еңбек жолына қысқаша тоқталып: ««Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман», - деп Елбасымыз атап көрсеткендей бүгінгі күні егеменді еліміздің дамыған отыз елдің қатарынан көріну үшін жастарымыз білімді және бәсекеге қабілетті болуы керек. Бұл бағыттағы сұранысты еліміздің техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары қамтамасыз ете алады. Солардың ішінде, Елбасы артқан міндет жолында қалтқысыз қызмет жасап келе жатқан, іргетасы 1927 жылы қаланған Арал қаласындағы кәсіби білім беретін іргелі оқу орындарының бірі – Арал индустриалды-техникалық колледжі. Жалпы 90 жылдық тарихы бар, қалыптасуы бірнеше онжылдықтар бойы биік белестерден өткен Арал индустриалды-техникалық колледжі индустриалды-инновациялық жобалар мен кәсіпорындардың сұранысына сәйкес мамандар даярлап келе жатқан білім ордаларының бірі»,- дей келе, білім ұясының ұжымына ізгі тілегін жолдады.
Одан әрі сөз кезегін облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымова алып, кәсіптік білімді меңгерудің маңыздылығы мен игеру жолдары жөнінде баяндама жасады. Ал, колледж директоры Н.Әбішев болса аталмыш білім ордасының қалыптасу тарихын баяндап, алдағы мақсат-міндеттеріне тоқталды.
Конференция барысы одан әрі «Аралтұз» АҚ вице-президенті Н.Әуесхановтың, КазССР кәсіптік білім беру озаты, колледж ардагері С.Ібрашұлының және техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары директорларының облыстық кеңесінің төрағасы, Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің диреторы Т.Оразбектің құттықтауларына ұласты.
Жиын соңында колледж ұжымына арнайы аудан әкімінің алғыс хаты мен облыстық білім басқармасының марапаттары табысталды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |