Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2018 жылдың 9 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Отырыс барысында қаржы министрі Б. Сұлтановтың, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтің, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің, энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың, денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың, білім беру министрі Е. Сағадиевтің Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау мәселелері жөніндегі есептері тыңдалды.
Сондай-ақ талқылауға Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары Ө. Шөкеев, Е. Досаев, А. Жұмағалиев және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов қатысты.Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдардың әр басшысының жеке жауапкершілігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.