2017 жылы облыстық бюджет есебінен Сырдария ауданының Бесарық елді мекеніне кіреберіс жолындағы «Жаңадария» каналына көпір салуды бастау үшін 124 млн теңге бөлінді.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова баяндағандай, көпір биыл пайдалануға беріледі. Осылайша, ауыл тұрғындарының 2007 жылдан бергі өтініштерін орындауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, 2018 жылға Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі автожолындағы екі көпірге облыстық бюджеттен 100 млн теңге қаржы бөлінді. Осымен ауданда көпірге байланысты мәселе түбегейлі шешіледі.