Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Сіздің «Рухани жаңғыру» бағдарламаңызда айтылған тапсырмаларыңыз экономиканы жаңғырту процестеріне маңызды идеологиялық қолдау көрсетіп отыр. Болашақ қазақстандықтарды тәрбиелеуде жаңа білім беру саясаты қалыптасып келеді», - деді Бақытжан Сағынтаев Президенттің қатысуымен өткен отырысында жасаған баяндамасында Бақытжан Сағынтаевтың айтуына қарағанда, мемлекеттік тілді латын әліпбиіне 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар жоспары дайындалған.
«Жаңа гуманитарлық білім» жобасының аясында 800 атаудан тұратын оқулықтар тізімі әзірленіп, олардың ішінде әлемдегі ең озық 17 гуманитарлық бағыттағы кітаптар қазақ тіліне аударылған. «Туған жер» жобасы аясында елімізде 700-ден астам іс-шара атқарылып, тағы да 300-ден астамы іске асырылуда. Меценаттардың есебінен 51 млрд теңгеден астам демеушілік көмек алынды», - деп атап өтті Үкімет басшысы.